Тассай көшелеріне тас төселді — Xnews — ақпарат агенттігі

Тассай көшелеріне тас төселді

Шымкент қаласындағы Тассай тұрғын алабының топырақ жолдарына алдын ала белгіленген жоспар бойынша, кезегімен шағал тас төсеу жұмыстары жалғасуда.

Қазір аталған тұрғын алапта кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыстың 35 пайызы аяқталып, нысан 2022 жылға өтпелі.

Жоба жоспары бойынша осы жылы құрылыстың 35% орындау қаралса, 65 пайызы келер жылға көзделген.

Қазір «Сарыағаш Аман» мердігер мекемесі кәріз жүйесі тартылған көшелерге тас төсеу жұмысын атқаруда.

Бүгінге дейін Тассайда қазылған 76 көшенің 38-іне тас төселсе, қалған көшелер жұмысы басталды. Көшелерге алдағы 10 күн ішінде шағал тас төселеді.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...