Тарихқа тағзым-ұрпаққа тағылым

Бүгін кешке «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «Бабалар жолымен» тақырыбында мәдени іс-шара өтеді.

Елбасы өз мақаласында ұлы даланың өткен тарихын жаңғырту және сақтаудың бірегей тұжырымдамасын ұлт құндылығы ретінде ұсынған болатын. Мақаланың негізгі мақсаты өткенді зерттеп, зерделеу. Ұлттық тарихи жәдігерлерді әлемдік деңгейге шығарып, брендке айналдыру.

Осы қағиданы ұстанған «Бабалар жолымен» атты мәдени іс-шара да қатысушылар арнайы әзірленген даналық сөздерді оқи отырып, бабалар бейнесіндегі кейіпкерлермен таныса алады. Сонымен қатар, «Шым қала» тарихи-мәдени кешеніндегі «Шахристан», «Шығыс базары», «Хауыз», «Жібек жолы керуені» және «Цитадель» музейіне саяхат жасайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бағдарлама аясында ұлттық нақышпен безендірілген сәкі үстінде Шымкент қаласының панорамалық көрінісімен фототүсірілім де жасалады. Сондай-ақ, келушілер LED экраннан Тәуелсіздік туралы және «Шымқала» тарихи-мәдени кешені туралы шағын бейнеролик пен «Әл-Фараби» анимациялық бейнефилімін тамашалайды.

Тағылымы мол іс-шараны өткізудің мақсаты жастарға қазақ тарихынан мағлұмат бере отырып, олардың таным көкжиегін кеңейту. Сонымен қатар, жаңа қазақстандық патриотизмге баулу. Мәдени бағдарлама «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде өтеді.

x

Check Also

Шымкентте тағылымды туындының тұсаукесері өтті

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен көрермен назарына ұсынылған «Таңдау» толықметражды фильмі ерекше ...

Реновация бағдарламасы: 22 отбасы үйлі болды

Шымкентте тұрғын үй қорын жаңарту-жақсарту, тозығы жеткен үйлерді сүріп, орнына жаңа үй салу үшін реновация бағдарламасы жүзеге асуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ...