Т.Рысқұлов атындағы көше жақында көлік қозғалысына ашылмақ — Xnews — ақпарат агенттігі

Т.Рысқұлов атындағы көше жақында көлік қозғалысына ашылмақ

Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы бойынша көлік қозғалысын ұйымдастыру ағымдағы жылдың қараша айының соңына аяқтау жоспарланған.

Бұл бойынша қала әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтады. Нысан құрылысына жауапты мердігер — «Bazis Construction» ЖШС. Жолайрықтың Т.Рысқұлов көшесі бойынша ұзындығы — 684,7 метр, ені — 45 метр.

Рысқұлов көшесінде ескі асфальт жолы толық алынып, жол негізі әзірленіп, асфальт төселінген.

Жоспар бойынша Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейінгі аралық жолдың енін кеңейтіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған.

Жолайрық құрылысындағы жаяу жүргіншілер жолдары мен абаттандыру жұмыстары толығымен 2022 жылдың наурызына жоспарланған.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...