Шымкенттік педагог өз тәжірибесімен бөлісті

Шымкентте балабақша тәрбиешілері «Сұлулық біздің айналамызда» жобасы аясында өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісуде. «Көркемдік-эстетикалық шабытты дамыту» орталығы №49 «Жасұлан» бөбекжай-бақшасының педагогі, «Ягодка» ортаңғы топ тәрбиешісі Лариса Никитина «Танграм» ойыны тақырыбында шеберлік-сынып өткізді.

Танграм ойыны балаларды дамытуға үлкен септігін тигізеді. Басқатырмақ екенін түсіндірген ол ойнау әдістерін нақты көрсете алды. Ереже бойынша ойнауды және нұсқаулықты орындауды, көрнекі-бейнелі болжауды, елестетуді, назар салуды, түсті, өлшемді және пішінді, түйсікті, комбинаторлық қабілеттілікті түсінуге үйрететінін жеткізді.

Көлем мен ауданның қасиеті танграммен тамаша суреттелетініне педагогтардың жұмыс барысында көздері жетті. Лариса Анатольевна өз әріптестеріне танграм ойыны арқылы ойжұмбақтар күнделікті қиыншылықтардан сергітетінін және олар өте қызық болатынын дәлелдей білді.

Тәрбиеші шебер-сынып барысында ойын ережесін, мақсаттылығын, оның жасалу жолын, қолданылуын, сюжет бойынша ертегі құрастыруға болатынын, үй жануарларын жасауға мүмкіндігін, би қимыл әрекеттерін, кім жылдам ойындарының түрлерін көрсетті.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...