ШЫМКЕНТТІК НЫСАНА КӨЗДЕУШІЛЕР НЫСАНАНЫ МҮЛТ ЖІБЕРМЕДІ — Xnews — ақпарат агенттігі

ШЫМКЕНТТІК НЫСАНА КӨЗДЕУШІЛЕР НЫСАНАНЫ МҮЛТ ЖІБЕРМЕДІ

Бангладеште нысана көздеуден халықаралық онлайн турнир өтуде. Жарыс барысында кеше Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, қоржынға 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде салды. Ал оның 1 алтын, 1 күміс жүлдесі құрама сапындағы Шымкенттік спортшылардың еншісінде.

Жерлестеріміз Елизавета Безрукова пневматикалық винтовкамен 10 метрге ату жаттығуы бойынша 629,6 ұпай санымен жеңімпаз атанып, Қазақстан рекордын жасады, ал Ирина Локтионова пневматикалық тапаншамен 10 метрге көздеу бәсекесінде 568 ұпаймен күміс жүлде жеңіп алды.

Сонымен бірге алматылық спортшылар да жүлделі орындардан көрінді.

Халықаралық онлайн турнирге Украина, Бангладеш, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, Бахрейн елінің спортшылары қатысты.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...