Шымкенттік каратэшілер Мәскеудегі Премьер-лига турнирінде чемпион атанды

Ресей астанасы Мәскеуде каратэден Премьер-лига турнирі мәресіне жетіп, еліміздің спортшылары үш алтын медаль жеңіп алды.

Бұл сында Шымкент қаласының спортшылары екі алтын жүлдені қоржынға салды. + 68 келі салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева финалда ресейлік Вера Ковалеваны жеңіп, алтын медаль иеленді.

Айта кетелік, бұл Софьяның Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысы. Ерлер арасындағы бәсекеде Қайсар Алпысбай топ жарды. Ол 60 келі салмақтағы финалдық сында ресейлік Евгений Плахутиннен басым түсті. Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...