Шымкентте сапалы электрмен қамтылған елдімекендер саны арта түседі

Шымкент қаласындағы Абай ауданында 34 елдімекен болса, ондағы тұрғындардың барлығы электр жарығымен қамтылған. Оның ішінде 8 елді мекен сапалы электр энергиясын жеткізуді қажет етеді. Осындай аумақтың бірі – «Айкөл» елді мекені.

Бүгінде тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүруде. Бұл жұмыстарды осы жылдың шілде айында мердігер мекеме «Жолсерік» ЖШС-гі бастаған. Осы уақыт ішінде электр бағаналарын орнатылып, ұзындығы 6 шақырым болатын электр сымы тартылды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 97 пайызы аяқталды.

Жыл соңында елдімекендегі 332 адам сапалы элеткр энергиясымен қамтылатын болады. Айкөл елді мекені Абай ауданына 2014 жылы Сайрам ауданынан қосылған. Мұндағы 66 үй бүгінгі таңда жекенің меншігіндегі электрді тұтынып отыр. Сонымен бірге алдағы жылдары аталған аумақ таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтылады.

Жалпы Абай ауданында Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2, Батыс, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар елді мекендерін сапалы электрмен қамту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының бірқатары жылдың соңында аяқталса, бірнешеуі келер жылға өтпелі. Осылайша, 2022 жылы аудан сапалы электр энергиясымен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.

x

Check Also

В Шымкентском городском перинатальном центре проводятся высокоточные бактериологические исследования

В бактериологической лаборатории Шымкентского городского перинатального центра проводится 35 видов бактериологических исследований, и более 400 типов микроорганизмов выявляются в течение ...

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жоғары дәлдіктегі бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі

Шымкент қалалық перинаталдық орталығының бактериологиялық зертханасында бактериологиялық зерттеудің 35 түрі жүргізіледі және 400-ден астам микроорганизм түрі 24-48 сағат аралығында анықталып, ...