Шымкентте өрт сөндірушілер күш сынасты

Шымкентте Құтқарушылар күніне орай өрт сөндірушілер арасында көпсайыстық күшсынасу, яғни кроссфиттен сайыс ұйымдастырылды. Кроссфит — бұл күш пен төзімділікке арналған жаттығулар бағдарламасы. Ал өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұндай жаттығуларды күнделікті жасайды. Өйткені олардың қызметі шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін іс-қимылдардан тұрады.

Құтқарушылардың дайындығын тексеруге бағытталған сайысқа әр өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндірушіден қатысты. Гір тасын және зіл темірді көтеру, доңғалақтарды көтеру, жылжыту, түтікқұбырлармен жауынгерлік қанат жою, оқу-жаттығу мұнарасының 3-қабатына жылжымалы үш иінді сатымен көтерілу, 3-қабаттан құтқару арқанымен өзін-өзі құтқару, жайылған түтікқұбырды сегіздік әдісімен жинау бойынша күш сынасты.

Күнделікті төтенше жағдайларды жою кезінде салмағы ауыр жауынгерлік киімнен бөлек түрлі құралдарды бірге ала жүріп, демалуға мүмкін болмаған ортада қысымдалған ауаны тиімді пайдалана отырып, адам өмірін құтқаруды, өртті сөндіруді жүзеге асыратын мамандық иелері үшін мұндай дайындық күнтізбеден түскен емес.

x

Check Also

Қоғамдық көлікте тегін жүретін азаматтар саны артты

Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап қоғамдық көлікте 14 жекелеген санаттағы азаматтарға ...

Жоспар талқыланып, меже нақтыланды

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер төрағаларының қатысуымен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында ...