ШЫМКЕНТТЕ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында көркем гимнастикадан әйелдер мен жастар арасында ҚР Чемпионаты мен Кубогы өтуде. Бүгін «Көркем гимнастика спорт кешенінде» жарыстың салтанатты түрде ашылу рәсімі ұйымдастырылып, командалар сап түзеді.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Юсупова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыста еліміздің барлық өңірінен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 330-дан аса спортшы жекелей және топтық сайыс бойынша бақ сынайды.

Сайыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі төреші Наталья Мамашева.
Айта кетсек, бүгінгі таңда қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде жаттықтырушы-хореографтар құрамы 400-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...