ШЫМКЕНТТЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ДЕ ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛАДЫ

Эпидемиялогиялық ахуал жақсарған шым қалада ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Тұрғындарды вакцинациялауды ұйымдастыру үшін Шымкентте 45 егу бекеті  бар. Одан бөлек, 25 жылжымалы егу бекеті жұмыс істеуде.
Айта кетейік, қалада  демалыс күндері де вакцина салу жалғасып жатыр. Вакцинация бекеттері таңғы сағат 08:00-20:00-ге дейін барлық мелекеттік жекеменшік емханалаларда жұмыс жасайды.

Бүгінге дейін қалада 1-ші компонентпен 539 405 адам,2 – ші компонентпен-486 497 адам егілді.

Шымкент қаласында 19 қазан күні КВИ-дің 40 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 33, белгілері жоқ – 7). 10 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 30 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 913 орын бар. Төсек-орын толымдығы 35 %-ды құрайды.

x

Check Also

Оркестрлер шеруі қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлады

Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында ...

Білікті хирург

Исаходжаев Алишер Бахтиярұлы 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, «Балалар хирургі» мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау ...