ШЫМКЕНТТЕ АЛАТАУ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қаратау ауданы «Орманшы» елдімекеніндегі бұрынғы құрылыс қалдықтары полигоны аумағы демалыс орнына айналды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталған нысанды жуырда қала әкімі М.Әйтенов құрылыс сапасымен танысқан болатын.

Бүгін елдімекенде демалыс орнының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қаратау ауданы әкімі орынбасары А.Парманов, Қаратау ауданының ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрғындар тарапынан бұл демалыс орнын «Алатау» деп атау ұсынылды.

Елдімекен тұрғындары жылдар бойы қоқыс полигонының иісі мен түтінінен зардап шеккен кездерін еске алып, бүгінде бұл мәселе оң шешімін тапқанына қуанып отыр.

Демалыс орнының ауданы 4,48 гектарды құрайды. Онда балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары орналасқан. Сондай-ақ, жарықтандыру бағаналары, орындықтар, қоқыс урналары және әр түрлі пішінде кіші сәулет мүсіндері орнатылған.

x

Check Also

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі

Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, ...

Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой ...