Шымкентте 55 мың адам компьютерлік томографиядан өткен — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте 55 мың адам компьютерлік томографиядан өткен

Шымкент қаласында жыл басынан бері 55 мыңға жуық адам КТ зерттеуінен өткен. Олардың басым бөлігі пневмонияға шалдыққан және коронавирус диагнозы расталған науқастар.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Компьютерлік томография аппараты қаладағы 21 медициналық ұйымда бар. Ал, қалалық инфекциялық аурухана мен №2 және №3 ауруханаларда КТ аппараты тәулік бойы жұмыс істейді.

Компьютерлік томография аппараты өкпесі қабынған науқастарды емдеуде зор септігін тигізеді. КТ-диагностикасы дәрігерлердің патологияның бар-жоғын 100 пайыз дәлдікпен анықтауға, емдеудің тиімді тактикасын әзірлеуге мүмкіндік береді. Бүгінде дәрігерлеріміз науқастарға емдеудің тиімді тактикасын қолдана отырып, өкпенің зақымдану пайызы 80-90 ға жеткен азаматтарды жазып шығаруда.

Компьютерлік томография (КТ) — әртүрлі ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістерінің бірі. Бұл зерттеу әдісінің негізі рентген сәулелерінің әрекеті болып табылады. Құрылғы пациенттің айналасында айналады және бірнеше суретке түсіреді, оны компьютер өңдейді және дәрігер қорытындылайды.

Компьютерлік томография адамның ішкі ағзалары мен тіндерінің ауруларын диагностикалау үшін жүргізіледі.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...