ШЫМКЕНТТЕ 22 КАНАЛҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкентте су қоймалары мен каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мәлімдеді.

Қазіргі таңда қалада 34 канал болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын – 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылатын – 7 канал бар. Сонымен қатар 4 су қоймасы бар. 2 су қоймасы (Тоғыс, Бадам) «ҚазСушар» РМК меншігінде, 2 су қоймасы (Текесу, Ақжар) басқарманың теңгерімінде.

Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайтын 3 каналға (Көк, Сайрам су, Чумчак) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылды.

Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында алдағы 4 жылда жалпы ұзындығы 95,74 шақырымды құрайтын 22 каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жоспарлануда.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...