Шымкент қаласының спортшылары Польшадан жүлдемен оралды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласының спортшылары Польшадан жүлдемен оралды

2021 жылдың 07-11 қазан аралығында Польшаның Ломянки қаласында пара-биден халықаралық ашық чемпионат өтті. Бұл сында Шымкент қаласының N19 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт клубының шәкірттері қатысып, жүлделі орынға ие болды.

Жарысқа әлемнің 16 елінен 120-дан астам спортшы қатысты. Айдана Мұқанова мен Ермек Қалымбетов жұптасып билеуден дуо латина және фристайл жаттығуы бойынша екінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, Ермек Қалымбетов жекелей фристайл сайысында 2-ші орынды жеңіп алды. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Дарья Жұмаділлаева.

Айта кетсек, Ермек Қалымбетов әлем чемпионатының үшінші орын иегері. 2016 жылғы Азия чемпионы, 2019 жылы Италияда өткен әлем кубогының қола жүлдегері.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...