«SHYMKENT MARATHON 2021» марафоны өтеді

Шымкент қаласында «Shymkent Marathon 2021» атты жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтеді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған дәстүрлі марафон шаhарда осымен бесінші жыл ұйымдастырылуда. 10 қазанда өтетін марафонның жүлде қоры 7 млн теңгені құрайды.

Марафонға қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен әуесқойлар мен спорт сүйер қауым қызығушылық танытуда. Қатысушылар қатарына қосылу үшін shymkent-marathon.kz, royalfitness.kz сайты арқылы тіркелуге болады. Аталған спорттық іс-шараны «Royal», «Kasiet» фитнес клубтары, «Evrika» сауда үйі және Шымкент қаласының әкімдігі бірлесе ұйымдастырып отыр. ТІРКЕЛУ АШЫҚ! СТАРТ – 10 ҚАЗАН! «Shymkent Marathon 2021» марафонын жіберіп алмаңыз.

Саламатты өмір салтын қалыптастыруда белсенді болуға шақырамыз. Толығырақ ақпарат алу үшін +7 701 311 4114 нөміріне хабарласыңыз.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...