Шымкент жастар лигасының екінші кезеңіне студенттер де қатысады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту бойынша берген тапсырмасы негізінде Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен «Шымкент Жастар Лигасы» жобасы қолға алынған. Екінші рет өтетін спорттық іс-шара осы жылдың қазан айында басталып 2022 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарлануда.

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева мәлім етті.

«Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баули отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» жобасы футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізу жоспарлануда»,-деді басқарма басшысы.

Аталмыш жобаға жалпы білім беру мекемелердіңтарапынан қазіргі уақытта футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) спорт түрлерінен 143 мектептен өтінім келіп түскен. Сонымен қатар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 37 команда оның ішінде 7 жоғары оқу орындары және 30 орта арнаулы оқу орындары жасақталып, қатысуға өтініш берді.

Студенттерарасындағы жарыс бөлек өтеді. «Шымкент жастар лигасы» жобасы жоғары және орта арнаулы оқу орындары үшін қазан айынан басталып, желтоқсан айына дейін жалғасады. Аталған жобаның бірінші кезеңі осы жылдың наурыз айында басталып, маусым айында аяқталған болатын.Мектеп оқушылары арасында үш айға созылған ауқымды спорттық сайыстың жеңімпазы атанған 4 мектепке 20 млн теңгеден қаржылай сыйлық берілген.

Оқушылар бұл қаржыны өздері білім алатын мектептіңматериалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында әр мектеп 12 дана жылжымалы интерактивті панель алған. Бірінші кезеңде 140 білім беру ұйымынан 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңнан астам оқушы бағын сынаған.

x

Check Also

80 лет истории – яркий символ веры в будущее

Сегодня в «Доме дружбы» города Шымкент состоялось торжественное мероприятие, посвященное 80-летию переселения турок-ахысов в Казахстан. В этом событии приняли участие ...

80 жылдық тарих – болашаққа деген сенімнің жарқын символы

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» ахысқа түріктерінің Қазақстанға қоныстануының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ...