Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы жолдауындағы міндетті орындауда Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 9 айлық есеп бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,1 млрд. тг. жетіп, 101,6% артты.
Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 99,3 млн. АҚШ долларын құрап, 103,2 пайызға ұлғайды. Бөлшек сауданың көлемі 331,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 108,1 пайызға артты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталы мен тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 4269,2 млн. теңге инвестиция тартылды.
Сонымен қатар, 29,3 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп (+1,4 мың га), 85,4 мың тонна өнім жиналды (3,0 мың тн.). Қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 9 га жылыжай кешені салынып, жалпы көлемі 204 га жетті («Agro Park kz ЖШС-5 га, «IGM Corporation» ЖШС- 4 га,).
Мемлекет басшысының айқындаған міндеттерін орындау мақсатында салада бірқатар негізгі бағыттар айқындалды.
Жоспар бойынша атқарылған жобалардың нәтижесі:
— жалпы өнім көлемі 37 млрд. тг. құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді.
— 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 1500-ге жақын жаңа жұмыс орындары құрылады;
— 20,0 мың тн бройлер еті қосымша өндіріледі;
— Ірі сауда желілері іске қосылып, сауда базарлары жаңғырып бөлшек сауда көлемі 450,0 млрд. тг. жетеді;
— Әлеуметтік дүкендер саны ұлғайып, азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру арқылы баға индексі 110% жетеді.
Айта кетейік, биыл салада құны 7,6 млрд.теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, 248 жаңа жұмыс орыны ашылды.