Шымкент әкімінің орынбасары поляк кәсіпкерлерін инвестиция салуға шақырды

Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтуде. Аталған жиында шымкенттік делегаттарды бастап барған қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев көпшілікке баяндамасын ұсынды. Шымкенттің жоғары әлеуетін таныстыра келе польшалық кәсіпкерлерді қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Форумды Қазақстан Елшілігі мен Kazakh Invest ұлттық компаниясы Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігінің, сондай-ақ Польшаның Инвестициялар және сауда агенттігінің қолдауымен Польшаның бизнес Кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, тамақ, химия, тау-кен металлургия және фармацевтика өнеркәсібі салаларының өкілдері болып табылатын қазақстандық және поляк компаниялары қатысуда.

Форумның мақсаты Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскерлік серіктестері арасындағы қолданыстағы байланыстарды нығайту және жаңаларын жолға қою, инвестициялық жобаларды таныстыру болып табылады.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...