[ File # csp2871160, License # 2360003 ] Licensed through http://www.canstockphoto.com in accordance with the End User License Agreement (http://www.canstockphoto.com/legal.php) (c) Can Stock Photo Inc. / AlexKalina

ШЫМКЕНТ: 3 МЫҢДАЙ ОТБАСЫНА ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 3 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылған.

— Жыл сайын кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер белгіленген тәртіппен үлестіріліп келеді. Осы жылдың басынан тұрғын үй кезегінде тұрған 682 отбасы арендалық пәтермен қамтылған болса, жыл соңына дейін осы бағытта 294 отбасыға баспана беріледі, — деді тұрғын үй басқармасының басшысы А.Рысжанов өзінің әкімге берген 9 айлық есеп қорытындысы кезінде.

«Отбасы банк» арқылы «5-20-25» бағыты бойынша кредиттік тұрғын үймен 730 азамат қамтылған. Оның ішінде 261 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелгендер. Шымкент қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы жыл басынан бері 1362 азамат несие арқылы рәсімдей отыра баспаналы болды. Жыл соңына дейін кредиттік тұрғын үймен 4 413 отбасыны қамту жоспарлануда.

«2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 158 отбасы несие негізінде тұрғын үймен қамтылып, оның ішінде 73 отбасыға алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаты берілді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады.

Табыс көрсеткіші аз тұрғындарды қолдау мақсатында жергілікті бюжет есебінен алдағы жылға 500 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз беру қарастырылған. Қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты бойынша 902 өтінім қабылдана отырып, 311 өтінім – 274 млн.теңгеге мақұлданған.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...