Шымкент 2023 жылы интернетпен толық қамтылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент 2023 жылы интернетпен толық қамтылады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Абдірахановтың 9 айда атқарған есебін тыңдады. Қалада базалық станциялар орнату жұмысы 2020 жылы үш кезең негізінде қолға алынған.

Алғашқы кезеңде қалада 11 нүктеге станция орнатылып, мобильді интернетпен қамту көрсеткіші 82% құрады.

Осы жылы интернетпен қамтудың ІІ-кезеңінде 14 нүктеге базалық станциясын орнату жұмысы жүруде. Оның 8-і инвестор есебінен, 6 нүкте байланыс операторлары жеке нысан иелерімен бірлесе атқаруда. Қазір 8 жерге (Тассай, Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ, Солтүстік-Батыс, Аэропорт маңы, А-2 трассасы, Р-32 трассасы Құрсай №49 мектеп маңы) антенна-мачталық құрылғы орнатылып, электр энергиясына жалғау жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін желіге қосылады. Қалған 6 нүктеде (Абдулабад,Забадам,Асар,Самал-3, Нұртас, Құрсай — Жылысай көшесі маңы) базалық станциялар орнатылып, іске қосылған. Қала аумағындағы 14 базалық станциялар толық желіге қосылса, 136 071 отбасы сапалы интернетпен қамтылады.

Жыл соңына дейін желімен қамту көрсеткішін 91%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Қалада базалық станцияны көбейту үшін басқарма Өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе интернеттің сапасына талдау жасаған. Талданған 110 нүктенің 22-не интернет сапасы төмен екені анықталған. Әзірленген Жол картасы шеңберінде сапасы төмен аумақтарға 2022-2023 жылдары базалық станциясын орнату жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстар жүзеге асырылса, қала аумағы 100% сапалы интернетпен қамтылады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...