«Шаңырақ» орталығында түрлі деңгейдегі 266 курс өтті

«Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығында түрлі деңгейдегі 266 курс өтті.

Онда көпбалалы 80 ана массаж, тігін, кондитерлік, SMM жүргізу ісі бойынша сертификат алды. Одан бөлек, 100-ден астам әйел құрақ көрпе, дизайнер, қыш-құмыра өнері бойынша өткен мастер классқа және компьютерлік сауаттылықты арттыру сабағына қатысты.

Бұл курстар — бизнес жоспар құруға, жеке бизнесін ашуға грант немесе микрокредит алуға мүмкіндіктерді көрсету арқылы әлеуметтік жағдайын түзеуге ықпал етеді. Аталған орталықта балалардың дамуы мен танымдық белсенділігін арттыру бойынша да түрлі курстар ұйымдастырылды.

Олар орыс тілі, ағылшын тілі мен математика және логопед курсы, шахмат курсы өтті. Бұл сабақтарға 140-тан астам бала қатысты.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...