«Shanyraq» орталығы – игі істердің бастамашысы — Xnews — ақпарат агенттігі

«Shanyraq» орталығы – игі істердің бастамашысы

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев «Shanyraq» орталығының жұмысымен танысты.

Ашылғанына небәрі бір жыл болған орталық қаладағы осал топтардың әлеуметтік картасын дайындауда елеулі істер атқарып келеді. Әлеуметтік мәселелер жөнінде қаланың төрт ауданымен тығыз байланыс орнатқан орталықта жас аналармен бірге әжелер және жалғызілікті әкелердің де мектебі жолға қойылған.

Орталық меңгерушісі Абибулла Қалымбеттің сөзінше, орталыққа азаматтар айына бір рет бас қосып, өзін мазалап жүрген мәселелерді ортаға салады. Себебі орталықта психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру қызметі ақысыз жүргізіледі. Тіпті мұнда бала асырап алу жөнінде кеңес алумен өзге кәсіп игеруге және жұмыспен қамту тұрғысынан да жәрдем алуға мүмкіндік бар.

Бір жыл ішінде 9 859 азамат орталықта психологиялық, құқықтық, АӘК-ке құжат тапсыру, үй кезегіне тұру бойынша кеңес алған. Бұдан өзге, көпбалалы және науқас бала күтіміндегі 143 ана тігін, массаж, СММ курстары мен кондитерлік шеберлік сағатына қатысып, қазір өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

– Ажырасу – қоғамдағы ең үлкен мәселенің бірі. Күйзеліске ұшыраған ата-аналар психологиялық көмекке зәру. Ал толық емес отбасыда өскен баланың келешекте қоғамға сіңісуі, адамдармен тіл табысуы қиынға соғады. Жасқаншақ болған балалардың өздері де тұрақсыз әрі депрессияға жақын келеді. Осы мәселенің алдын алу үшін «Shanyraq» орталығы ашылып, игі істер атқарылуда. Алдағы уақытта сіздермен етене жақын жұмыс істейтін боламыз,-деді Рашид Мамытұлы.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...