Шалғай елді мекендерде тазалық жұмысы тұрақты жүргізіледі — Xnews — ақпарат агенттігі

Шалғай елді мекендерде тазалық жұмысы тұрақты жүргізіледі

Шымкент қаласы Абай ауданындағы орталық көшелер мен шалғай елді мекендерде көгалдандыру, жасыл желекті суару және тазалық жұмысы тұрақты жүргізілуде.

Қазіргі таңда ағаштарды біріңғай формаға келтіру және жасыл желектерді (легустраларды) қырқу жұмыстары Арғынбеков, Өтегенов, Рысқұлов, Момышұлы және Темірлан тас жолы секілді негізгі көшелерде атқарылып отыр. Аудандағы жасыл желекке жауапты «Build strip» мердігер мекемесі.

Мердігер атқарған жұмыстың сапасын аудан әкімдігі бақылауға алып, мамандар тарапынан қадағаланып отыр. Ауданның шалғай елді мекендерінің тазалығына «ЛТД-Тұрмыс» мекемесі жауапты. Мекеменің 45 коммуналдық қызметкері мен 6 техникасы аптасына бір рет тазалық жұмысын жүргізеді.

Олар Жаңаталап, Игілік, Қызылжар, Көкұлақ, Тәуелсіздікке-20 жыл және Алтынтөбе тұрғын алаптарындағы көше бойлары мен темір жол жағасын қоқыстан арылтады. Сонымен қатар, ауданда санитарлық-тазалық жұмыстарын жандандыру және тұрғындар тазалыққа белсене атсалысуы үшін сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...