САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабын электр қуатымен қамту жұмыстары жалғасуда. Құрылыс осы жылдың шілде айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылысқа жауапты «Алтын Констракшн» ЖШС тарапынан атқарылған құрылыс жұмыстарының 55 пайызы аяқталды.

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде тұрғын алаптағы 812 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Жалпы биыл Шымкентте 7 елдімекеннің электр мәселесі шешіледі. Соның нәтижесінде 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады. Ал қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші 97%-ға жетеді.

x

Check Also

80 лет истории – яркий символ веры в будущее

Сегодня в «Доме дружбы» города Шымкент состоялось торжественное мероприятие, посвященное 80-летию переселения турок-ахысов в Казахстан. В этом событии приняли участие ...

80 жылдық тарих – болашаққа деген сенімнің жарқын символы

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» ахысқа түріктерінің Қазақстанға қоныстануының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ...