РУХАНИ НӘР БЕРЕТІН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ — Xnews — ақпарат агенттігі

РУХАНИ НӘР БЕРЕТІН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы №74 жалпы орта білім беретін мектебінде Дина Нұрпейсованың 160 жылдығына орай «Даламды күймен тербедім» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Кеш қонақтар — оңтүстік өңірінің ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып жүрген өнер жанашырлары, Жазушылар одағының мүшесі, 2001 жылы өткен Республикалық термешілер сайысының жеңімпазы, ақын, жазушы Бөрібай Оразымбет пен ақын, жазушы Абдулмахмуд Пошатаев болды.

Сырлы сұқбатқа толы әсерлі кеште оқушылар және ұстаздар ақын өмірі мен шығармашылығынан, адами болмысы мен рухани әлемінен хабардар болды.

Кездесу барысында мектеп оқушылары ақын жырларын нақышына келтіріп орындап, қаламгер ағаларына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойды. Мектеп оқушылары мен ұстаздар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, өлеңдерінен рухани сусындап қайтты.

Кеш соңында мектептің директоры Исакова Нурипа Әуелқызы ақындар шығармашылығына ерекше табыс тілеп, өзекжарды тілектерін жаудырды. Сый-сияпаттарын тапсырып, құрмет көрсетті.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...