РЕСПУБЛИКА КӨШЕСІНДЕГІ ТҮНГІ ЖАРЫҚШАМДАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласының орталық көшелерінің бірі Республика даңғылында түнгі жарықшамдар жаңартылды.

Даңғыл бойындағы ескі жарықшамдар екі деңгейлі жарықшамдарға ауыстырылып, жаяу жүргіншілер жолына қарай қосымша жарықшамдар орнатылды.

Жарықтандыру жұмыстарының нәтижесінде көше бойындағы бағаналарға 296, ал жаяу жүргіншілер жолына 148 жаңа шамдар қойылды.

Республика даңғылында орнатылған жарықшамның бұған дейін қуаттылығы 15 люкс құраған болса, бүгінде олардың қуаттылығы 30 люксқа көтерілді.

Осы жылы тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар барысында мердігер мекеме «ABM Building 2007» ЖШС тарапынан мегаполистегі 30 көшедегі жарықшамдар реконструкциядан өтіп, 104 көшеге жаңа жарықшамдар орнатылатын болады

x

Check Also

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығы алдында сөз сөйледі

Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, ...

Мемлекет басшысы «Tulip Hall» көпфункционалды кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Президент тапсырмасына сәйкес бой ...