Республика даңғылында жарықшамдар ауысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Республика даңғылында жарықшамдар ауысты

Шымкент қаласының басты көшелерінің бірі болған Республика даңғылының кешкі шамдары жарықдиодты ЛЭД шамдарға ауыстырылды.

Бұған дейінгі жарықшамның қуаттылығы 15 люкс еді. Қазіргі орнатылған жаңа шамдардың қуаттылығы 30 люксқа көтерілді.

Даңғыл бойындағы бағаналарға 296 кешкі шам орнатылса, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер жолына 148 жаңа жарықшам қойылды. Қалада жыл соңына дейін 30 көшенің жарықшамы реконструкциядан өтіп, 104 көшеге жаңасын орнату жоспарланған.

Бұл жұмыстар «ABM Building 2007» мердігер мекемесі тарапынан атқарылуда. Көшелердің жарықтандыру дәрежесін 2023 жылы 70 % жеткізу көзделуде.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...