ҚҰТЫРУ АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!

Құтыру ауруы — жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру. Бұл ауру адамдарға құтырған жан-жануарлар тістеген кезде, терісінің зақымданған жеріне сілекей жұққанда пайда болуы мүмкін.
Егерде, иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз оны өлтіруге асықпай ветеринар маманына көрсетуіңіз қажет. Ветеринар маманы жануарды 10 күндік бақылауда ұстай отыра, 3 рет егу тағайындалады. Ал, егер жарақаттаған қандай жануар екені белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда 6 рет егу жұмыстары жүргізіледі.

Құтыру ауруының алдын алу шаралары бойынша, тұрғындардың барлығы құтыруға қарсы екпе алу үшін тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пункттерге барып қаралуы қажет.
Жеке қожалығыңыздағы итті бос жіберіп қараусыз қалдырсаңыз Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408 бабына сәйкес, айыппұл салынады.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...