ҚР Кубогы бәсекесінде Шымкент қаласының спортшылары жеңімпаз атанды — Xnews — ақпарат агенттігі

ҚР Кубогы бәсекесінде Шымкент қаласының спортшылары жеңімпаз атанды

Шымкент қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан ҚР Кубогының жекелей және топтық көпсайыс бойынша жеңімпаздары анықталды.

Спорт шебері және спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында өткен бәсекеде Шымкент қаласының командасы 1 алтын, 2 күміс жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында жекелей көпсайыста Шымкент қаласының өкілі Милана Парфилова1-ші орынды иеленді.

Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Топтық көпсайыста Шымкент қаласы спортшылары екінші орынға иелік етті. Сондай-ақ, спорт шеберлері арасында топтық көпсайыс бойынша Шымкент қаласының құрамасы 2-ші орынды жеңіп алды.

Ариадна Скворцова, Ұлжан Шалмұханбетова, Зере Әбдісадық, Еңлік Ержанқызы, Айсана Ұлықпанова және Виктория Борисова құрамы бұл жолы екінші орыннан көрінді. Нұр-Сұлтан қаласы бірінші, Алматы қаласының спортшылары үшінші орынға ие болды.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...