ҚАРАТАУДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ МУРАЛДАР САЛЫНДЫ

Қаламызды көріктендіру мақсатында көпқабатты үйлердің қасбетіне айрықша көңіл бөлінуде.

Бүгінге дейін көпқабатты үйлердің қасбетінде тарихи тұлғалар мен елеулі оқиғалар және қоғамның өзекті мәселелері суреттелсе, енді Қаратау ауданында эстетикалық көңіл-күй сыйлайтын муралдарды салу жұмысы қолға алынды.

«Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің қабырғасына салынған муралдар шаһардың ажарын ашып, жұртшылық назарын аударып отыр.

Тұрғындардың көңілінен шыққан дүниені аудан әкімдігі өзге де аумақтарға да салу көзделген. Қала көркін ашатын мұндай туындылар алдағы уақытта түрлі тақырыпта бейнеленеді.

Бүгінге дейін ауданның орталық көшелерінде салынған муралдар саны 15-ке жуықтаса, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында тағы 12 орынға сурет салу үшін қаладағы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына ұсыныс берілді.

Әкімдік өкілдерінің сөзінше, мұндай муралдар мәдени құндылықтарымызды дәріптеп қана қоймай қаланың ажарын ашады.

Бұл жұмыстар кәсіби мамандар тарапынан атқарылуда.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...