Қала әкімінің орынбасары жастармен еркін форматта әңгімелесті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қаратау аудандық жастар орталығының коворкинг залында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов қала жастарымен еркін форматта кездесті. Іс-шараға «Шымкент жастар лигасының» 2 орын иегерлері, оқу орындарының және қаламыздың белсенді жастары қатысып, белсенділік танытты.

Еркін форматтағы кездесу барысында қала әкімінің орынбасары орталықтың жұмыс барысымен танысып, қала жастарының қызығушылықтары жайында әңгімелесті.

Сонымен қатар, Мақсұт Пернебайұлы жастарды толғандырып жүрген мәселелері мен алдағы жоспарлары жайында пікір алмасып, еңбек тәжірибесімен бөлісті.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді. Еркін форматтағы мұндай жүздесулер аудандық жастар орталықтарында тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...