Өкпесі қабынған қарт кісі ауруханадан сауығып шықты — Xnews — ақпарат агенттігі

Өкпесі қабынған қарт кісі ауруханадан сауығып шықты

COVID-19 инфекциясына шалдығып, өкпесінің 62 пайызы зақымдалып ауруханаға түскен 72 жастағы әжей қауіпті инфекцияны жеңіп шықты.

Науқасқа дәрігерлер бір айға жуық хаттама бойынша ем көрсетті. 1949 жылғы қала тұрғыны Мырзалиева Шарапат өте ауыр хәлде 14-ші қыркүйек күні қалалық жұқпалы аурулар орталығына келіп түскен.

Келген кездегі жағдайы бойынша қандағы оттегі мөлшері, яғни сатурациясы 50-ден төмен болған. Дәрігерлер науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосып, шұғыл емдік шараларын жүргізген. Қарт кісінің артериялық қан қысымы және асқазан мен бауырда қосалқы аурулары бар.

Компьютерлік томография тексеру нәтижесінде науқастың өкпесі 62 пайыз зақымдалғаны анықталған.

«Түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Сатурациясы не бәрі 50-ді құрады. Одан бөлек қосымша аурулары бар еді. Науқасқа хаттама бойынша толық ем көрсетілді. Қазіргі жағдайы жақсы. Өздігінен дем алуда. Қандағы оттегі мөлшері орнына келді. Апа толық емделіп үйіне оралды»,-дейді Бекен Сырбекұлы.

Команда болып бірлесіп жұмыс атқарған медицина мамандарының емінің нәтижесінде әжей қауіпті инфекциядан толығымен сауығып шықты. Жағдайы жақсарған науқасты дәрігерлер ауруханадан үйіне шығарды.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...