Нұртас шағынауданында ауызсу жүйелерінің құрылысы қараша айында аяқталады

Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданындағы жаңа құрылыс аумағын сапалы ауызсумен қамту бойынша маусым айында құрылыс жұмыстары басталған болатын.

Мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстарының бүгінде 90 пайызы аяқталды.

Жоба бойынша жалпы ұзындығы 40,8 шақырым ауызсу құбырының бүгінде 38 шақырымы орнатылды. 2021 жылдың қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, Нұртас шағынауданындағы 850-ге жуық абонент сапалы ауызсумен қамтылатын болады.

x

Check Also

80 лет истории – яркий символ веры в будущее

Сегодня в «Доме дружбы» города Шымкент состоялось торжественное мероприятие, посвященное 80-летию переселения турок-ахысов в Казахстан. В этом событии приняли участие ...

80 жылдық тарих – болашаққа деген сенімнің жарқын символы

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» ахысқа түріктерінің Қазақстанға қоныстануының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ...