Мәскеу-Шымкент бағыты қайта ашылды

«Scat» әуе компаниясы Мәскеу-Шымкент және Шымкент-Мәскеу бағыты бойынша рейсін қайта ашты.

Аталған бағыт бойынша тікелей келу қызметі пандемияға байланысты тоқтатылған болатын. Еліміздің үшінші мегаполисіне келуші туристер үшін енді тікелей, кедергісіз ұшуға мүмкіндік жасалып отыр.

Туристер Мәскеуден Шымкентке аптаның әр сәрсенбісінде кешкі уақытта ұшады. Жалпы, ұшу кезінде жолаушылар қауіпсіздігі мен карантин талаптарының сақталуына баса назар аударылған.

Айта кетейік, бүгінде Мәскеуге Шымкент қаласынан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларынан да рейс бағыттары қайта ашылды. Одан өзге, Шымкент қаласына Ыстамбұл мен Грузиядан да тікелей рейстер жүруде.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...