Марафонға еліміздің 30 қаласынан келген спортшылар мен әуесқойлар қатысты

Шымкентте қаламыздың басты спорттық жарысына айналған «Shymkent Marathon 2021» спорттық іс-шара өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатындағы бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.

Мегаполисте осымен бесінші жыл ұйымдастырылып отырған жүгіру марафонына Шымкент қаласының тұрғындарымен бірге Қазақстанның 30 қаласынан келген спортшылар және әуесқойлар қатысты.

Жарысқа «Ashyq» жүйесінде тіркеуден өткен қатысушылар жіберілді.

Старт «Наурыз» алаңынан басталып, Бәйдібек би және Төлеметов көшесімен өтіп, Алматы А2 трассасына дейінгі бағытты алды.

Мәре «Наурыз» алаңы болды. Қатысушылар 42, 21, 10 және 5 км қашықтықта жүгіріп өтті. Марафонға қатысушыларды қала әкімінің орынбасары М.Исахов құттықтап, адамның дені сау болуы үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет екенін айтты.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 7 миллион теңге.

Байқаудың барлық қатысушыларына халықтар достығы бейнеленген медальдар табысталды.

x

Check Also

Шымкент: Достық әуенімен өрілген мереке

Шымкент қаласындағы Достық үйінде үш маңызды оқиғаны — Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Шымкент қаласындағы Балалар өнер мектебінің 45 жылдығы ...

Шымкент вошел в тройку лидеров в республике по экономическому росту

Экономика города Шымкента стабильно растет в последние годы. Это результат системной работы, направленной на создание благоприятного инвестиционного климата. К примеру, ...