Марафонға еліміздің 30 қаласынан келген спортшылар мен әуесқойлар қатысты

Шымкентте қаламыздың басты спорттық жарысына айналған «Shymkent Marathon 2021» спорттық іс-шара өтті. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатындағы бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.

Мегаполисте осымен бесінші жыл ұйымдастырылып отырған жүгіру марафонына Шымкент қаласының тұрғындарымен бірге Қазақстанның 30 қаласынан келген спортшылар және әуесқойлар қатысты.

Жарысқа «Ashyq» жүйесінде тіркеуден өткен қатысушылар жіберілді.

Старт «Наурыз» алаңынан басталып, Бәйдібек би және Төлеметов көшесімен өтіп, Алматы А2 трассасына дейінгі бағытты алды.

Мәре «Наурыз» алаңы болды. Қатысушылар 42, 21, 10 және 5 км қашықтықта жүгіріп өтті. Марафонға қатысушыларды қала әкімінің орынбасары М.Исахов құттықтап, адамның дені сау болуы үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет екенін айтты.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 7 миллион теңге.

Байқаудың барлық қатысушыларына халықтар достығы бейнеленген медальдар табысталды.

x

Check Also

Құқықтық қолдау — халыққа!

Бүгін Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы бастау алды. Шараның мақсаты — халықтың құқықтық сауатын арттыру және ...

Шымкентте балалардың қауіпсіздігіне арналған республикалық акция өтті

2025 жылдың 22 мамыры мен 1 маусымы аралығында елімізде «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастама балалардың құқықтарын ...