М.Әйтенов тұрғын үй құрылыстарын қадағалады

 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй құрылыстарының барысын қадағалады. Мердігер мекемелер басшыларымен жұмыс барысы, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Жүктелген жұмыстарды сапалы және мерзімдерінде аяқтауды міндеттеді.

Аталған бағдарлама шеңберінде құрылыс басқармасының тапсырысымен жалпы 287 мың шаршы метрді құрайтын 4832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде кредиттік 57 үй, арендалық 22 үй.

Биылғы жылы 39 үй пайдалануға беріледі. Барлығы 141 мың шаршы метрді құрайтын 2432 пәтер тапсырылады.

Құрылысы жүргізіліп жатқан 6 арендалық үй әкімшілік-іскерлік орталығында, кредиттік 4 тұрғын үй Арғынбеков көшесінің бойында орналасқан. Ал, көпқабатты 61 үй Тұран шағын ауданында салынуда.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...