Ішкі істер саласындағы ардагерлерге құрмет көрсетілді

«Еңбек — елдің мұраты» жобасы аясында, Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруында ішкі істер саласында 30 жылға жуық еңбек еткен Юсупов Төленбек ағамен, 25 жылға жуық жұмыс жасаған Елтай Молдашұлымен және құқық қорғау органдары ардагерлері қоғамдық ұйымының төрағасы, 20 жылға жуық осы салада қызмет атқарып, бүгінде зейнеткерлікке шыққан Сыздықов Ғалымжан Құлбабаұлымен кездесуі өтті.

Ішкі істер органдарының «Құрметті ардагері», осы салада анықтаушы, тергеуші, учаскелік инспектор, аудандық паспорт столының басшысы қызметтерін атқарған Юсупов Төленбек аға қызметтің оңай болмағаны, абыройлы қызмет атқаруға ұмтылысты әр уақытта жадында сақтағанын атады.

Сонымен қатар, қызметте жүрген уақытындағы есте қалған, шешуі қиын болған, сол уақыттағы Бадам совхозында (кейінгі Қажымұқан атындағы шаруашылық) орын алған қылмыстық іс жөнінде әңгімеледі. Жастарға, әсіресе, кездесуге қатысып отырған Полиция бөлімінің жас қызметкерлерін өз ісіне адал болуға шақырды. Отбасы тәрбиесіне, бала тәрбиесіне байланысты өзінің ойларымен бөлісті.

Еңбек ардагері, зейнеткер, милиция майоры Е.Молдашұлы жоғары оқу орнын бітіріп, комсомолдың (қазіргі жастар ұйымының) жолдамасымен ішкі істер саласына қызметке келіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін осы салада қызмет жасағанын, қызметті атқарғанда оның ауыр немесе жеңілін таңдамағанын, оның ішінде ауыр қылмыстарды ашуда, жасөспірімдермен жұмыстар да болғанын атады. Өмірлік тәжірибесімен бөлісуді ерінбей, талмай жас маман полицейлерге әдептілікті, ұлтжандылықты, патриоттық тәрбиені насихаттауға белсенді араласудың дұрыс екенін атады. Бүгінгі кездесу де орынды екенін атады.

Ғалымжан Құлбабаұлы бұл салада жастайынан еңбек еткені, қай уақытта да қызметті адал атқаруға, көп үйреніп, көп білуге ұмтылғаны, көп ізденісте болғаны жөнінде әңгімеледі. Қызметтің өзі де сауаттылықты, тәртіпті, ұлтжанды патриот болуды талап ететінін айтты.

Кездесуге қатысқан азаматтар тарапынан түскен, отбасыларына, жастарға көзқарастарына байланысты сұрақтарға жауаптар берілді, ризашылықтарын жеткізді.

Ардақты ардагерлерге аудан әкімінің Алғыстары, естелік сыйлыққа»Ордабасы» кітаптары табысталды.

x

Check Also

Түркістанда халықаралық талапқа сай кілем фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркиялық кәсіпкер әрі инвестор Искендер Капланмен кездесті. Кездесу барысында Түркістанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ...

«Таза Қазақстан» шарасы басталғалы Түркістан облысында 1 млн-ға жуық тал отырғызылған

«Таза Қазақстан» шарасы аясында Түркістан облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілген. Бұл туралы брифингте облыстық ...