Инвестициялық штаб отырысында 8 жоба таныстырылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Инвестициялық штаб отырысында 8 жоба таныстырылды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында жаңа жобалар мен өзекті мәселелер, аудандарда 2021 жылдарға бекітілген инвестициялардың, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Жиында «Zoom» жүйесі арқылы жеке кәсіпкерлер жаңа жобаларын ұсынды. Құрылыс, сауда, көпқабатты тұрғын үй бағытында, жалпы 8 жоба таныстырылды.

Атап айтқанда, «Асабаев Д.Е» ЖК металл конструкциялар дайындау өндірісі, лак-бояулары, респираторлар кәсіпорны, «Orient Ceramic» компаниясының керамикалық плиталар өндірісі жобасы таныстырылды. Сондай-ақ, «BAZIS Shymkent» ЖШС, «Ұлы-Орда» ЖШС, «Prestige House» ЖШС көпқабатты тұрғын үй, «Абдиева А» ЖК бизнес орталығын салуға ниетті екенін жеткізді.

Ұсынылған жобалардың ішінде 4 жоба құрылыс индустриясына қызмет ететін кәсіпорындар. Олар қарқын алған құрылыс саласын отандық өнімдермен толықтырып, Шымкент қаласын құрылыс индустриясы дамыған орталыққа айналуына ықпал етеді.

Қала әкімі барлық жобаларға қолайлы жағдай жасалатынын, жер телімі және инфрақұрылым мәселелері дер кезінде шешілетінін айтып, кәсіпкерлерді инвестиция салуға шақырды.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...