Елордада Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш орнатылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Елордада Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш орнатылды

Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күрес түрлері бойынша әлемді мойындатқан аңыз тұлға – Қажымұқан Мұңайтпасовқа елорда төрінен ескерткіш ашылды. Балуанның биылғы 150 жылдығына орай жасалған тас мүсін енді балуан есімі берілген «Жас батыр» спорт кешені аумағында орнатылды.

Салтанатты іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, грек-рим күресінен екі дүркін Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, БАҚ өкілдері, қоғам және спорт қайраткерлері, балуанның ұрпақтары қатысты.

– Әрине, атамның мерейтойына орай өтетін мұндай маңызды іс-шараны ауқымды етіп ұйымдастыруға да болар еді. Алайда қазіргі пандемияға байланысты көп адамды бір жерге жинай алмадық. Дегенмен бүгінгі іс-шараның өзіне өте қуанып тұрмыз. Себебі бұл – Қажымұқан атамның бүкіл бойымен соғылған ерекше ескерткіш. Жиналған халықтың да жүзінен атақты балуанның есімі елордада ардақталып жатқанына деген риза көңілді байқадым. Ескерткіш қоладан соғылған, биіктігі – 5 метр 80 см. Ескерткіш авторы – Жалын Сембіғали, – дейді батырдың немересі Бақытжан Қажымұқанов.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы Ақмола уезіндегі Қараөткел ауылында дүниеге келген. Спорттағы жетістіктері оның кілемге әлемнің мықты деген балуандары – Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды спорт шеберлерімен белдесуімен тарихта қалған.

x

Check Also

Түркістанда «Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды

Түркістан төрінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән әлемінің дара тұлғасы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын ұлықтауға арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды. ...

Тарихты тасқа жазып жүрген шебер

Шымкентте жарты ғасырға жуық ғұмырын мүсін өнеріне арнаған Әбдікәрім Ахметов деген мүсінші бар. Оның өнер жолына келуі де тағдырдың сыйындай ...