Батырлық өнерді дәріптейтін жоба өтуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Батырлық өнерді дәріптейтін жоба өтуде

Шымкенттегі ескі қалашықта орналасқан этноауыл аумағында қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Бес қару» атты авторлық этно-фест өтіп жатыр.

Батырлар институтын қалыптастыру мен насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған этно-фестті қала тұрғындары мен қонақтары үш күн бойы тамашалай алады (25-26-27 қазан күндері). Келушілер этно-фест барысында «Оңтүстік Қазақстан суретші жастары» бірлестігінің өкілдері ұсынған «Бес қару» экспозициясының сахналық көріністерін тамашалап, жыршылардың орындауындағы батырлар жырын тыңдайды.

Сондай-ақ, жасөспірімдерді батырлық қасиетке тәрбиелейтін ойын түрлері ұйымдастырылып, каскадерлар семсерлесуден жауынгерлік шеберлік пен өнерден, бес қару түрлерін пайдаланудан шеберлік сағатын өткізеді.

Іс-шара аясында Батырлар институты тақырыбы кеңінен талқыланатын арнайы семинар да өтпек. Онда этнофестивальге арнайы келген еліміздің танымал тарихшылары, этнолог ғалымдары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қызылорда қалаларының және көршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің жыршылары қатысады.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...