АРДАГЕРЛЕР КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІ АРАЛАП ҚАЙТТЫ — Xnews — ақпарат агенттігі

АРДАГЕРЛЕР КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІ АРАЛАП ҚАЙТТЫ

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның дамуына үлес қосып, сан түрлі салада тұрақты қызмет еткен еңбек ардагерлері тобы киелі Түркістан қаласына саяхаттап келді.

Топта аудандық Ардагерлер кеңесі мүшелері, бастауыш ардагерлер үйінің басшылары мен тыл ардагерлерінен құралған 45 ардагер болды. Олар көне Отырар жеріндегі, Арыстан баб кесенесінде болып, арнайы зиярат жасады.

Сонымен қатар, облыс орталығы болғалы көркейіп, әсем құрылыстар жүргізіп жатқан, танымастай өзгерген, әсем шаһарға айналған Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне де зиярат етіп, танымал орталық «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенін де аралады.

Ардагерлер саяхат барысында ұмытылмастай әсер алғандықтарын айта келе, аудан әкімдігіне өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...