АҚТАС-2 САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкенттегі шағынаудандарды ауыз сумен қамту қала әкімдігінің тұрақты күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі. Бүгінде Ақтас-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мердігер мекеме «Алтын констракшин» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылдың қараша айында жұмыстар аяқталып, тұрғындарға тұрақты түрде сапалы ауыз су берілетін болады.

Бүгінгі таңда, нысан басында 25 жұмысшы, 6 техника жұмыс жасауда. Жалпы ұзындығы 50,9 шақырымның суаққының 43,0 шақырымнан астамы салынып, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, жалпы жұмыстың (ІІ көтеру сорғы стансасын орнату, өрт сөндіру гидранттарын және ысырма (задвижка) орнату) 95 % атқарылған.

x

Check Also

Шымкент: Абай ауданында көшелерді жарықтандыру көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда

Инфрақұрылымдық жобалар ауданның даму қарқынын арттырып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуде маңызды рөл атқарады. Абай ауданында биыл 50 көшеге 45 шақырым аяқжол ...

Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін ...