Ақназар хан көшесі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Шымкент қаласындағы Ақназар хан көшесінде орташа жөндеу жұмысы сәуір айында басталған болатын.

Бүгінде құрылыстың 50 пайызы аяқталып, пайдалануға беру мерзімі күздің соңғы айына жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын «Базис-К» ЖШС-і атқаруда. Жалпы ұзындығы 2,28 шақырымды құрайды. Жолдың төменгі түзету қалыңдығы 4 см болса, ал асфальт бетонның беткі қабаты 5 см етіп төселеді.

Бұл көшеде соңғы жөндеу жұмысы 2011 жылы жүргізілген. Жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, қаладағы магистралды көшелерді жөндеудің аралық мерзімі бес жылды құрайды. Зерделеу жұмысы нәтижесінде көшеде бордюрларды ауыстыру қажеттілігі туындаған.

Жаңадан төселетін асфальтобетон ескі жолдан 3-4 см жоғары болады. Бордюрдің қауіпсіздік 15 см биіктігін сақтау мақсатында жаңасына ауыстырылады. Осы жылы қалада барлығы 182 көше орташа жөндеуден өткізілуде.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...