«Анаға хат» шығармашылық байқауы мәресіне жетті

Ордабасы ауданыңда «Игілік» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Анаға хат» шығармашылық байқауның қортынды кеші өтті.

100 ден астам мектеп оқушыларынан келіп түскен шығармалардың арасынан әділқазылар алқасының шешімімен 10 оқушының туындысы үздік деп танылды.

Қалам қабілеті шыңдала түскен оқушыларға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын Ақмарал Леубаева арнайы Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Кеш соңы барша аналардың құрметіне арналған концерттік кешке ұласты.

Жасөспірімдердің ата-анаға деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыруды, жас ұрпақты ізгілікке үгіттеуді мақсат тұтқан іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

x

Check Also

Түркістан: Қазығұртта 1000 түп гүл және сәнді ағаш егілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасын қолдау мақсатында Қазығұрт ауданынындағы орталық саябақта кең көлемді тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан ...

Шұғыл штабтың тәулік бойғы жұмысы: Түркістан облысы шегірткеге қарсы жою жұмыстарын жүргізуде

Шегірткемен күресте технологиялар мен стратегиялар: түркістан облысының жаңа тәсілі. Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары ...