Әлем чемпионатына баратын боксшылар құрамы белгілі болды

Ұлттық құраманың екі оқу-жаттығу жиыны мен спарринг қорытындысы бойынша кейбір салмақ дәрежелерінде Сербияда өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан намысын қорғайтын боксшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Xnews.

Қайрат Сатжанов бастаған жаңартылған жаттықтырушылар штабы келесі құрамды таңдады:
48 кг. Теміртас Жүсіпов.
51 кг. Сәкен Бекбосынов.
54 кг. Махмуд Сабырхан.
57 кг. Серік Теміржанов.
60 кг. Саматәлі Төлтаев.
63,5 кг. Санатәлі Төлтаев.
67 кг. Абылайхан Жүсіпов.
71 кг. Асланбек Шымбергенов.
75 кг. Нұрқанат Раймс.
80 кг. Нұрбек Аралбай.
86 кг. Бек Нұрмағанбет.
92 кг. Айбек Оралбай.
+ 92 кг. Нұрлан Сапарбай.

Қазақстан құрамасының капитаны болып Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, екі Олимпиаданың қатысушысы Абылайхан Жүсіпов тағайындалды.

Бокстан ерлер арасындағы 2021 жылғы Әлем чемпионаты 24 қазан мен 6 қараша аралығында Сербияда өтеді.

x

Check Also

Шымкент шаһарында білім беру, спорт және денсаулық сақтау салаларының инфрақұрылымына ерекше назар аударылуда

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ алаңында білім беру саласындағы 3 ауысымды мектеп мәселесі толық шешілгенін атап өтті. Мәселен, «Келешек ...

Бейбарыс Каблан стал Чемпионом мира по таеквондо (WT) среди спортсменов до 21 года

Казахстанский спортсмен Бейбарыс Каблан одержал победу на проходящем в Кении Чемпионате мира по таеквондо (WT) среди участников до 21 года. ...