Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы қарқынды жүргізілуде

Әл-Фараби көшесінің жалғасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс барысын бақылады.

Сала жетекшілеріне жолдың сапалы салынуын қадағалауды тапсырды. Көшенің жалпы ұзындығы 7,6 шақырым, ені 43 метр.

Жолдың жүріс бөлігі – 4 жолақты. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары қолға алынған. Жалпы құрылыс жұмыстарының 95 пайызы орындалды.

Көше бойында 6,35 метрлі жолақты бөліп тұратын жасыл аймақ, арық, 3 метрлік жаяу жүргінші жолы, 4,5 метрлік жолдың екі жағынан жасыл аймақ қарастырылған.

Әл-Фараби көшесі Темірлан тас жолындағы көлік тығынын азайту үшін баламалы жол болып есептеледі.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...