Әл-Фараби ауданында сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Әл-Фараби ауданында сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті

Әл-Фараби ауданындағы «Айқап» шағынауданында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық-құтқару қызметі сейсмикалық оқу-жаттығу іс-шарасын өткізді.

Оқу-жаттығу барысында апат аймағынан эвакуациялаудың теориялық және практикалық дағдылары пысықталды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша жер сілкінісі кезінде көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Авариялық-құтқару қызметтерінің, азаматтық қорғау бөлімшелерінің және жалпы ТЖ қызметкерлерінің өзара іс-қимыл деңгейі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кездегі олардың жұмысының тиімділігі бағаланды. Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, барлық жалпы білім беретін мектептерде, тұрғын алаптарда, көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық оқу-жаттығу жүргізілуде.

Іс-шара ықтимал жер сілкіністері кезіндегі іс-қимылдарды пысықтау, адамдарды эвакуациялау, зардап шеккендерге көмек көрсету, жер сілкінісінің салдарын жоюды мақсат еткен.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...