№61 ЖӘНЕ №72 МАРШРУТТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС СЫЗБАСЫ ӨЗГЕРДІ — Xnews — ақпарат агенттігі

№61 ЖӘНЕ №72 МАРШРУТТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС СЫЗБАСЫ ӨЗГЕРДІ

Шымкентте №61 және №72 маршруттың қозғалыс сызбасы өзгерді. Қаланың кешенді схемасына сәйкестендіріп, халықтың сұранысына ыңғайлап қайта ұйымдастырылып отыр.

Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді. №72 «Алаш базары — МШК» аялдамалары аралығында қызмет көрсетеді. Маршрут май шикізат комбинаты аумағындағы тұрғындарды толық қамтитыны анықталды және сызбасы бойынша аймақтың ішіне ендірілді.

Маршруттағы автобус саны 12, сенбі, жексенбі күндері 10 автобуспен қызмет көрсетеді. Ал аралық интервал 18 минутты құрайды. Автобустар кең және сиымдылығы жоғары болғандықтан елдімекендегі тұрғындарды толық қамти алады.

Ал №61 маршрутта зерттеу жұмыстары нәтижесінде адам аз отыратыны анықталды. МШК ауданыңдағы халықты №72 маршрут қамти алғандықтан, бұл маршрут «Ташенов көшесі — 8 көше» аралығында қызмет көрсетеді. Маршруттағы автобус саны — 6, ал аралық интервал 15 минутты құрайды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...