13 көшенің құрылысы жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

13 көшенің құрылысы жалғасуда

Шымкент қаласы аумағының солтүстік бөлігіндегі Тұран шағын ауданында барлығы 13 көшенің құрылысы жүргізілуде.

Қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов пен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков көше құрылысын жүргізуге жұмылдырылған мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жиналыс өткізді. Кездесуде көшелердің сапасы және тексеру барысында анықталған кемшіліктерді реттеу мәселелері талқыланды.

Биылғы жылы №2, 6, 8, 10 — барлығы 4 көше пайдалануға берілмек. «Отау-строй» ЖШС тарапынан № 2 жол жұмыстарының 95 пайызы аяқталса, “Строй Жол Сервис” ЖШС № 6 жолдың 92 пайызға жуық жұмысын аяқтаған. Қалған 9 көше құрылысы (№1,3,4,5,7,9,11,12,13) 2022 жылға өтпелі.

М.Айманбетов мердігер мекеме басшыларына құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасы және жұмыстардың мерзімінде атқарылуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл шағын аудан қазіргі кезде қаламыздың жаңа даму аймағы болып табылады.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...